Жарнама
Спорт

Ардагерлер волейболдан сынға түсті

Атырауда Ұлы Отан соғысының ардагері, мемлекет және қоғам қайраткері, Атырау облысының Құрметті азаматы Оңайбай Көшековтың 100 жылдығына арналған ардагерлер арасында волейболдан облыстық турнир өткізілді. Тартысты ойынға 6 команда қатысты.

3ae7a51f 4179 4b24 b42d 65421f6cdbdf

Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Өтешовтың айтуынша, өткен жылдың соңында Ұлы Жеңістің 80 жылдығын тойлауға байланысты Үкімет қаулысы шыққан болатын. Осы құжат негізінде облыстық әкімдікте іс-шаралар легі бекітілген еді. Соның аясында биылдан бастап мәдени, патриоттық тәрбие бағытында облыстық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен бірқатар шара кең көлемде тойланып келеді.

6b835852 19b8 4f55 a610 d1e20a2753b3

-Қанқұйлы майдандардың ішіндегі ең қиыны Ұлы Отан соғысы болды. Оған 2 миллионға жуық қазақстандық қатысты. Отты жылдардың зардабы халық есінде мәңгілік сақталады. Елге танымал тұлға Оңайбай Көшековтың есімін еске алып, ұлығылау мақсатында өткізілген волейболдан облыстық турнирде бірнеше команда бақ пен бап сынады. Оңайбай Көшеков — облысты 15 жыл басқарған беделді азамат. Оңайбай ағаның істеген ісі, қалдырған мұрасы көпке үлгі. Соның ішінде жастар тәрбиесінде атқарған жұмысы орасан зор. Оңайбай ағаның 100 жылдығын тойлауға арналған шаралар бұған дейін де ұйымдастырылып келеді. Санаулы күннен кейін Ұлы Жеңістің 80 жылдығы тойланады. Өкінішке қарай, сұрапыл соғыста от кешкен, жеңіс туын жақындатқан құрметіне орай өткізілетін шеруге қатысатын ардагерлеріміз арамызда жоқ. Бірақ, сол майдангерлеріміздің кейінгі ұрпаққа қалдырған мұрасы ешқашан ұмытылмақ емес, — дейді Мұрат Сақтайұлы.

5945b1cf 2ded 4b9c af92 475b747786a2

Облыстық турнирге Жылыой ауданынан келген ардагерлер командасының қатысушысы Жұмабай Молдашұлы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінен дене тәрбиесі мұғалімі мамандығын алып шыққан. Волейболмен айналысып келе жатқанына биыл 20 жыл толыпты. Ол бұған дейін әуесқой волейболшылар арасында өткен жарыстарға қатысып, жүлделі орындарды иеленген.

8ac95c82 a8e3 4014 9788 112559e91637

-Облыстық турнирдің ұйымдастырушыларына алғыс айтамын. Шынымен де тартысты ойындар болды. Біздің ауданымызда спорт түрлерінен ардагерлер арасында әзірленуге мүмкіндік мол. Жұмыстан қолымыз қалт ете қалғанда спорт кешендеріне барып тұрақты түрде жаттығып тұрамыз. Спорт — денсаулық кепілі,- дейді Жұмабай Молдашұлы.

Айбөпе САБЫРОВА
Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button