
Амангелді Сейітхан атында турнир өтпек
Ертең Алматыда шағын футболдан БАҚ өкілдері арасында қазақ телевизиясының майталманы, комментатор Амангелді Сейітханды еске алуға арналған республикалық турнир өтеді.
Еліміздің 8 өңірінен барлығы 16 команда қатысады.
Саналы ғұмырын журналистикаға арнап, халықтың мұң-мұқтажын қаламмен тербей білген Аман ағамыз былтыр 52 жасында мәңгілік мекенге аттанып кетті. Алайда, футболды өзімен егіз қойған ағамыз өмірінің соңына дейін спортпен айналысты.
🔹️Амангелді Сейітхан атындағы алғашқы турнир Отбасының ұйымдастыруымен өтеді. Турнир аясында Амангелді Сейітханның құрметіне шығарылған «Жеңісті күндерде жолыққанша» кітабының тұсауы кесіледі.
⚽️Турнирге қатысатын командалар:
🔹Aikyn-Liter (Астана қаласы),
🔹Dream-team Сейітхан (Алматы қаласы),
🔹️Effective media Liaison (Алматы қаласы),
🔹Абай-ақпарат (Абай облысы),
🔹Айтыскерлер құрамасы (Қазақстан Республикасы),
🔹Ақмешіт (Қызылорда облысы),
🔹Атырау құрамасы (Атырау облысы),
🔹КТК (Алматы қаласы),
🔹Қазақстан ТВ-Қазақ радиосы (Алматы қаласы),
🔹Қарекет (Жетісу облысы),
🔹Спорт журналистері (Қазақстан Республикасы),
🔹Тұран-Түркістан (Түркістан облысы),
🔹Түркістан телеарнасы (Түркістан облысы),
🔹Шымкент (Шымкент қаласы),
🔹Хабар (Астана қаласы),
🔹Экспресс-К (Астана қаласы),
https://www.instagram.com/p/CdxR7KZMlTB/?igshid=MDJmNzVkMjY=
