
Әлем чемпионымен жекпе-жек: Жәнібек Әлімханұлына ұсыныс түсті
LDUBB Boxing YouTube бокс арнасының авторы Буг Уильямс әлеуметтік желіде WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлына (15-0, 10 КО) үндеу жасады. atr.kz бұл туралы Sports.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Уильямс Boxingscene.com порталында Әлімханұлының WBC нұсқасы бойынша орта салмақтағы «уақытша» белбеу иегері, Доминикан Республикасының спортшысы Карлос Адаместі (23-1, 18 КО) сынға алғаны туралы баяндалған жарияланымға жауап берді.
«Ақпан айындағы жекпе-жекке дайындал», — деп жазды Уильямс X әлеуметтік желіде.
Ол осы арқылы Әлімханұлына Адамеспен 2024 жылдың қысында болатын жекпе-жекті меңзеді.
Айта кетейік, Карлос Адамес әлеуметтік желіде Жәнібек Әлімханұлын жекпе-жекке бірнеше рет шақырды, алайда қазақстандық спортшы өзі толыққанды әлем чемпионы болмағандықтан, доминикандықпен жұдырықтасуға құлшыныс танытпай отыр.
Фото: Top Rank