
Әлем чемпионаты: 13 қыркүйек күні қандай жекпе-жектер өтеді?
Ливерпуль қаласында ұйымдастырылып жатқан әлем чемпионатында Қазақстан сапынан Виктория Графеева (60 келі) мен Елдана Талипова (+80 келі) қола жүлдегер атанды, — деп хабарлайды республика Туризм және спорт министрлігінің өкілдері.
Ал Аида Әбікеева (65 келі) мен Айбек Оралбай (+90 келі) чемпиондық айқасқа таласуға мүмкіндік алды.
Ертең 6 отандасымыз жартылай финалдық кездесулерін өткізеді. Одан бөлек, 3 салмақта чемпион анықталады.
Күндізгі сессия (16:00)
1-жұп. 48 келі. 1/2 финал
Назым Қызайбай — Сабина Бобокулова (Өзбекстан)
7-жұп. 50 келі. 1/2 финал. Шамамен 17:30
Санжар Тәшкенбай — Алехандро Кларо (Әлем чемпионатының қола жүлдегері)
9-жұп. 55 келі. 1/2 финал. Шамамен 18:00
Махмұд Сабырхан — Чуанг Луи
Кешкі сессия (22:00)
2-жұп. 51 келі. 1/2 финал. Шамамен 22:15
Алуа Балқыбекова — Хиню Гю
4-жұп. 70 келі. 1/2 финал. Шамамен 22:45
Төрехан Сабырхан-Одел Камара (2024 жылғы Әлем Кубогының чемпионы)
6-жұп. 70 келі. 1/2 финал. Шамамен 23:15
Наталья Богданова-Чантил Рейд