Жарнама
Спорт

Аян Бейсенбаев – Азия ойындарының қола жүлдегері

Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Аян Бейсенбаев триатлоннан Ханчжоуда өтіп жатқан Азиаданың қола медалін иеленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Бейсенбаевтың жүзуден 1500 метрді бағындырып, велоэтаппен 40 шақырым жүріп өтіп, 10 км жүгіріп шыққандағы уақыты – 1:52:25.

Байрақты бәсекеде алтын медальді жапондық спортшы Кенжи Ненер (1:50:54) алды, сондай-ақ күміс медаль да Жапониядан келген спортшы Макого Одакураға (1:51:49) бұйырды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button