Абиба Әбужақынова Grand Slam турнирінде қола медальді жеңіп алды
Қазақстандық дзюдошы Абиба Әбужақынова Абу-Дабиде өткен Grand Slam турнирінде қола медаль иегері атанды.
Prokadrykz телеграм арнасының хабарлауынша, Абиба алғашқы жекпе-жегінде ресейлік Марина Воробьевойға қарсылас болып, ұтылды. Алайда, жаттығу мен тәжірибенің нәтижесінде ол келесі кезеңде франциялық Лаура Эспадиньюды жеңді. Ең маңызды жекпе-жекте неміс спортшысы Сара Иштпен кездесіп, осы жеңіс арқылы Абу-Дабидегі Grand Slam турнирінің қола медалін қанжығасына байлады.
Спортшының жетістігі қазақстандық дзюдоның әлемдік аренада кең танылуына ықпал етіп, еліміздің дзюдо федерациясының да мақтанышына айналды. Абиба Әбужақынова өзінің табандылығы мен шеберлігімен спорт сүйер қауымның көңілінен шығып, ел намысын қорғауда үздік үлгі көрсетіп келеді.
Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ