Шаһар шырайы
Жыл басынан бері Атырау қаласынан 140 мың тоннаға жуық қоқыс шығарылды
Атырау қаласының тазалығына жауапты “Арнаулы Автобаза” коммуналдық мекемесінің қызметкерлері тәулік сайын 400 тонна тұрмыстық қалдықты жинап, полигонға апарады,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Биыл облыс орталығының тазалығын қамтамасыз ету мақсатында 348 қоқыс контейнері сатып алынып, учаскелерге қойылған. Оған қосымша 325 қоқыс контейнері жаңасына ауыстырылған.
-Күнделікті тазалық жұмыстарына 324 жұмысшы мен 45 техника жұмылдырылады. Осы жылы біздің қызметкерлер қала сыртында орналасқан 53 стихиялық қоқыс алаңдарының 16-ын тазалап, 3700 тонна қоқыс шығарды. Бізге міндеттелген алаңдар түгелдей тазаланды,- деді учаске басшысы Күләнда Әжіғалиева.