Жарнама
Шаһар шырайы

“Жұлдыздағы” орталық саябақ көгалдандырылып жатыр

Атырау қаласының “Жұлдыз” шағынауданында орналасқан орталық саябақта көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бұл жұмыстар қала тұрғындарының ұсыныс-тілектері негізінде жүзеге асуда.

img 0731

Атырау қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, саябақ аумағына биіктігі 3-4 метр болатын, жасы 5 жылдық 368 түп шаған отырғызылуда. Бұл ағаштар арнайы өсімбақтарда өсіріліп, кәсіби күтімнен өткен. Шаған ағашы көрік беріп қана емес, ауаны тазартып, қаланың экологиясын жақсартуға ерекше үлес қосады.

“Жұлдыз” шағынауданындағы орталық саябақ 2024 жылдың 16 желтоқсанында пайдалануға берілген. Саябақта заманауи қос футбол алаңы, 1 волейбол, 1 баскетбол, 2 спорт және балаларға арналған 2 ойын алаңы бар. Ойын алаңының мүмкіндігі шектеулі балалар үшін қолайлы етіп жасақталғанын да айта кетейік.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button