«Жұлдыз-3» пен «Көктемде» балабақша салынуда

295721062 1660897270959416 7584043161897902574 n Шаһар шырайы

Өңірде «Жұлдыз 3» және «Көктем» елдімекенінен балабақша құрылысы жүргізілуде.

Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Екі қабатты жаңа бөбекжайлар 160 орынға лайықталған. Білім нысанының құрылыс жұмыстары 2021 жылы басталды. Аталған балабақша «Теңізшевройл» ЖШС-нің «Игілік» бағдарламасы аясында салынуда. Құрылыс бөлімі мамандардың айтуынша, қазіргі таңда 80% жұмыс атқарылған. Бүгінде терезе қондыру жұмыстары аяқталып, төбе жабындылары жабылуда және ішкі құрылыс жұмыстары жүруде. Сонымен қатар, сыртқы инфрақұрылым жұмыстары да қоса атқарылуда.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз