Жалпықалалық сенбілікке 7 мыңға жуық адам қатысты
Атырауда екі айлық санитарлық тазалық науқаны басталды.
15 қыркүйекте Атырау қаласында жалпықалалық сенбілік өтті. Қалалық ТКШ бөлімінің мәліметтері бойынша, санитарлық тазалыққа 7 мыңға жуық тұрғын, соның ішінде 1125 мемлекеттік ұйымдар мен жеке мекемелердің, университет мен колледждердің студенті қатысқан, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.
Сенбілік қорытындысы бойынша қалалық полигонға 730 текше метр қоқыс тасталды.
«Атырау қаласы әкімдігінің қаулысына сәйкес, биылғы жылдың 15 қыркүйегі мен 15 қарашасы аралығында екі айлық санитарлық тазалық жарияланды. Осыған байланысты біз барлық қала тұрғындарын, сондай-ақ, мемлекеттік мекемелер мен жеке ұйымдардың басшыларын апта сайынғы екі айлық сенбілікке белсене қатысуға шақырамыз», — дейді Атырау қаласы әкімінің орынбасары Нұрлан Таубаев.