Шаһар шырайы
Жайық жағалауында 800 техника жүр
Атырауда 800 арнайы техника қала мен қала маңындағы Жайық жағалауын тәулік бойы нығайтуда. Атырау қаласы әкімі Шәкір Кейкин Жайық өзені бойындағы 107 секторда және оның арналарында жағалауды нығайту жұмыстарының барысын тексерді. Бұл туралы облыстық жедел штаб хабарлады.
Бүгінде Атырау мен оның маңындағы учаскелерде тартылған арнайы техниканың саны 800 бірлікке жетті. Қала басшысы барлық ауылдық округтердегі жағалауды нығайту жұмыстарын тексеріп, жауаптыларға бірқатар тиісті тапсырмалар берді.
Айта кетейік, Атырау мен оның маңындағы жағалауды нығайту жұмыстары тәулік бойы жүргізілуде. Оларға мекемелердің 2225 қызметкері және 3354 ерікті қатысуда.