Заңды білу – уақыт талабы

Елбасының «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Атырау облысы әділет департаментінің басшысы Сағымбай Тұрғарин Н.Жантөрин атындағы облыстық филармонияда халық алдында есеп берді.

Департамент басшысының айтуынша, нормативтік құқық-тық актілерді тіркеу қызметі бойынша  үстіміздегі жылдың алғашқы жартыжылдығында жергілікті өкілді және атқарушы органдардың барлығы 180-ге жуық нормативтік  құ-қықтық актілері мемлекеттік тіркеуге түсіп, заң нормаларына қайшылықтар болуы себепті 14-і кері қайтарылған. Ал, осы мерзімде жүргізілген мониторинг нәтижесі бойынша, жергілікті атқарушы және өкілді органдарға 13 акті бойынша заң бұзуды жою туралы тоғыз ұсыныс, жеті  акті бойынша екі ақпараттық хат жолданып, тиісті шаралар алынған.

Мемлекеттік қызмет көрсету саласы, оның ішінде жылжымайтын мүлікті тіркеу қызметі бойынша, есепті кезеңде 23 мыңға жуық жылжымайтын мүлікке құқықтар тіркеліп, бюджетке 55 млн. теңге баж салығы түсті. Осы жылдың алты айында облыс аумағындағы жеке нотариустармен куәландырылған нотариалдық мәмілелер негізінде 4268 жылжымайтын мүлікке құқық-тары электронды түрде тіркелген.

– Бірінші жартыжылдықта азаматтық хал актілерін тіркеу қызметі бойынша 14 мыңнан астам тіркелу жүргізілді. Шетелге шығатын 215 құжатқа апостиль қойылып, 226 мыңға жуық баж салығы түсті. Оның ішінде «электрондық үкімет» порталы арқылы  1300  өтініш орындалды,-  деді Сағымбай Тұрғарин.

Нотариат, адвокатура және бағалаушылар қызметі күні бүгінде облыс бойынша 96 жеке нотариус, 121 адвокат және 14 бағалаушы қызметін атқаруда. Мемлекеттік кепілдік берген заң көмегін көрсету туралы жасақ-талған келісімге сәйкес, 72 адвокат (оның ішінде 12-і аудандарда) заң көмегін көрсетуде .

Абай АҚМҰРЗИЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз