
Терможаңғыртудың артықшылығы мен кемшілігі
Баспананың жайлы, тұрмысқа сайлы болуы қай кезде де маңызды. Осыны ескерген ел Үкіметі осыдан он жылдан астам уақыт бұрын ескірген, бірақ жарамсыз санатына жатпайтын көп қабатты үйлерді қайта жаңғыртып-жаңарту, қасбеті мен келбетін өзгертіп, заманға лайық үлгіге келтіруге бағытталған арнайы бағдарлама қабылдаған болатын. Содан бері ол кезең-кезеңімен іске асып, өңірлерде өзекті саналатын халықтың баспана жағдайын жақсартуға өзіндік үлесін қосып келеді.
13 жылда – 200 үй
Бұдан он үш жыл бұрын басталған «Тұрғын үйлерді терможаңғырту» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асқаннан бері Атырауда барлығы 200-ден астам көп қабатты үй күрделі жөндеуден өткен екен. Тек былтырдың өзінде бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 1 миллиард 338 миллион теңгеге жуық қаржы бөлінген. Соншалық қомақты қаражат 27 нысанды жаңғыртуға жұмсалыпты. Оның ішінде көп қабатты 9 үйдің жеделсатысын ауыстыру мен көп қабатты 18 үйді жөндеу жұмысы да бар.
Биыл қаладағы көп қабатты 70 үйге терможаңғырту жасау жоспарланған. Оның 37-сінің жеделсатысы ауыстырылып, 33-і күрделі жөндеуден өтуі тиіс. Бүгінде оның жобалық-сметалық құжаттары жасақталып, қаржы бөлуге республикалық бюджетке бюджеттік өтінім берілген.
Саннан гөрі сапа маңызды
Жасыратыны жоқ, мемлекеттік деңгейде маңыз беріліп отырған терможаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру барысында ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктер де, сан соқтырар жайттар да бар. Олқылықтың орнын қалай толтыру керектігі және жағдайды түзетудің тетіктері жауапты құрылымдардың басшыларын ғана емес, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен қоғам белсенділерін де толғандырып отыр.
Күрделі мәселе жақында Қазақстанның жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының Атырау облыстық филиалында өткен алқалы жиында кеңінен талқыланды. Басқосуды ашқан филиал төрағасы Нұрайнаш Камалованың айтуынша, соңғы жылдары өкілдіктің қоғамдық қабылдауына келген қала тұрғындарының дені осы проблеманы көтерген. Көппәтерлі тұрғын үйлерде тұратын атыраулықтар негізінен өздерінің мекен-жайында жүргізілген күрделі жөндеу мен терможаңғырту жұмыстарына ренішті екен. Сапаның нашарлығына, ішінара болса да көзбояушылыққа жол берілетініне наразы.
– Мәселенің мәнісіне үңіліп, тұрғындарды толғандырған жайттардың анық-қанығына көз жеткізіп, тиісті шарасын алу мақсатында қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі, «Қаладағы тұрғын үйлерге коммуналдық қызмет көрсету» ЖШС, мердігер компаниялар мен тұрғын үй қорын басқарушы құрылымдар (ПИК, МИБ, жай серіктестіктер) өкілдерінің қатысуымен бірнеше мәрте кездесу ұйымдастырдық. Тұрғындар тарапынан жолданған 60-тан астам хаттың басты тақырыбы мен мазмұны да осы терможаңғырту жұмыстарының жайына қатысты болды. Мәселені оңтайлы шешіп, халықтың талабын аяқсыз қалдырмау мақсатында Астана қаласына барып, Парламент Мәжілісінің депутаттарына, одан әрі Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіндегі лауазым иелеріне жолықтық. Сол арқылы біраз түйткілдің түйінін тарқатуға мүмкіндік алдық, — деді өкілдік жетекшісі.
Қадағалаусыз жұмыс көңілге қонбас
Қадағалау тиісті деңгейде болмаса жұмыстың сапасы да көңілге қонбасы анық. Мұны сарапшы-мамандардың өздері растап отыр. Дегенмен, жаңғырту жұмысының межеленген мерзімінен кешігіп, сапасының төмен болуына мердігердің жосықсыздығымен қоса, кейбір жағдайда тұрғындардың да себепші болатынын ашық айтқан абзал. Өйткені, уақыттың көпшілігі пәтер иелерінің өздеріне ыңғайлы мердігерді таңдауына кетеді. Оны айтпағанда, үйдің қасбетін бояған кезде тұрғындардың қапелімде бір мәмілеге келе қоймауы да іске кері әсерін тигізетіні жасырын емес.
Қазынадан бөлінген қаражат пәтер иелерінің есебінен кері қайтарылатын болғандықтан, үшжақты келісімді рәсімдегенде, әрбір тұрғынның айтқан ұсынысы ескерілуі шарт. Мұны да ескерген жөн. Жұмыстың кеш басталып, уақытынан кешігуіне басты себеп те осы болса керек.
Жеделсатыны жеткізу жеңіл емес
Отандық өндіріс болмаған соң көп қабатты үйдің жеделсатысын да Қытай немесе Түркиядағы зауыттардан тапсырыспен алдыртуға тура келеді. Бұл процестің өзі бірнеше айға созылуы әбден мүмкін. Ал, Атырау облысында мұндай мүмкіндік санаулы компаниялардың ғана құзырында.
Жауапкершіліктен ешкім де жалтармайды
Әңгімені түйіндер сәтте ойға түйгеніміз – сала мамандарының қай-қайсысы да жүктелген жауапкершіліктен қашып құтылмайды екен. Айталық, техникалық қадағалау қызметін міндетіне алған мамандар жұмыстың діттеген мерзімде аяқталып, сапасының мінсіз болуына жобалаушы және мердігермен бірдей жауапты. Сондықтан олардан да сондай жауапкершілік сұралады.
Қадағалаушылар қойған қатаң талаптың арқасында кейбір мердігерлер бір жасаған жұмысын қайтадан жасап шығуға мәжбүр. Авторлық қадағалау қызметі де «әттеген-ай» дегізер жағдайларға жол беріп жататыны жасырын емес. Қысқасы, мұның бәрі жаңғырту жұмыстарының түпкі нәтижесіне кері әсерін тигізетіні кәміл.
Мамандарды не мазалайды?
Әнуар СӘЛІМГЕРЕЙҰЛЫ,
«Қаладағы тұрғын үйлерге қызмет көрсету» ЖШС өкілі-заңгер:
– Біз қанша жерден жауырды жаба тоқып, «бәрі жақсы, бәрі дұрыс» дегізіміз келгенімен, жоспарланған жұмыстың үнемі сапалы да сәтті орындала бермейтіні, мердігерлердің бәрі бірдей өз міндеттемесіне жауапкершілікпен қарамайтыны, соның кесірінен тұрғындардың орынды реніші туындайтыны жасырын емес. Мысалы, 2021-2022 жылдары терможаңғырту бағдарламасына енгізілген үйлердің көпшілігін жөндеуді міндетіне алған мердігердің бірі – «PGSGroup Construction» ЖШС бастаған ісін соңына дейін жеткізе алған жоқ. Жасағанының өзі сапасыз, ақыры берілген қаражатты тиімсіз жұмсаған серіктестік «банкрот» деп танылды. Оның кесірі қарапайым тұрғындарға тиіп, келісім-шартта көрсетілгендей, олар сапасыз жасалған жөндеу үшін он жыл бойына ақша төлеуге мәжбүр болды.
Олқылықтың орын алуына ұйымдастыруға қатысты мәселелердің ескеріле бермейтіні де себеп болатынын тәжірибеден көріп жүрміз. Мәселен, күрделі жөндеу барысында көп қабатты үйдің әр подъезінен мердігердің жұмысын қадағалайтын жауапты адам таңдалып, солармен жұмыс жүруі керек. Нысанды қабылдау кезінде қол қоятын тұрғындар арасынан үй кеңесін құру немесе жауапты өкілдер тағайындалуы тиіс. Жұмыс басталмас бұрын көп қабатты үйлерге сервистік қызмет көрсететін компаниялар алдын ала жөнге келтірілетін ақаулардың тізбесін жасақтап, тұрғындармен жиналыста жөндеуді қажет ететін жерлерді анықтауы керек. Солай бола тұрса да, мұның бәрі көбінесе тұрғындардың немесе пәтер иелерінің қатысуынсыз рәсімделетіні де рас. Соның салдарынан жасалған жұмыс халықтың ойынан шықпай, орынды өкпе-реніш туындайды.
Сөйтіп, қазынадан бөлініп, тұрғындар арқылы қайтарылатын қомақты қаржы желге ұшып, ал жұмыстың сапасы сын көтермей жатады. Сондықтан бұған қоғам белсенділерінің араласып, жанашырлық танытуы, сөз жоқ, істің оңынан бітуіне қарай бағытталған қадам болмақ. Ең бастысы, қай кезде де жұмысты атқаратын мердігер, жұмыстың көлемі мен мерзімі тұрғындарға мәлім, барлық ақпарат қолжетімді болуы шарт.
Эльдар ҚАРИПОЛЛАЕВ,
қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы:
– Бірден айта кетейін, жұмыстың сапалы әрі дер мезгілінде орындалуы авторлық және техникалық қадағалау шараларының қалай жүргізілетіндігіне және бұл саладағы мамандардың жауапкершілігіне байланысты. Өкінішке қарай, осы талап пен қағиданың үнемі сақталмауынан шалағайлықтарға жол беріліп, үйлер қалай болса солай тапсырылады.
Күрделі жұмыстың бірі – көп қабатты үйлердегі желдету шахтасын тазалау. Сосын жертөледегі жарық, қасбеттер мен кірмедәліздер, қабырғаларды қандай сырмен бояудың да өзіндік тәртібі бар. Ал жұмыстың бағасы, яғни шығындар сметасы оның ауқымы мен түріне, қандай материалдың қолданылатынына қарай белгіленеді. Алайда, бұл заңдылықтың ескеріле бермейтінін де жоққа шығара алмаймыз.
Шешімін таппай жүрген жайдың бірі – жертөледегі жарық мәселесі. Қараңғылығы өз алдына, жаңғыртудан өткеніне қарамастан біраз үйдің жертөлесі құрғатылмаған. Әйтсе де, әу баста жасақталған келісім-шартта, тарифтер сметасындай көрсетілгендей, тұрғындар ай сайын коммуналдық қызметтерге қоса, терможаңғыртудың да ақысын төлеуі тиіс. Ал оның барысын бақылап, басшылық жасайтын құзырлы құрылымдардың өзі «бармақ басты, көз қыстыға» салынып жүргені ащы да болса ақиқат.
«Ештен кеш жақсы» демекші, өткеннің ащы сабағынан тиісінше қорытынды шығаратын мезгіл жетті. Енді қиындықтан құтылып, тығырықтан шығудың оңтайлы жолдарын ойластыруымыз қажет.
Тұрғындарды толғандырған жай
Айман ХАЛЕЛҚЫЗЫ,
С.Датов көшесі, 11 а үйдің тұрғыны:
– Осы көшедегі бірнеше үй бұдан үш жылға жуық уақыт бұрын аталған бағдарлама аясында күрделі жөндеуден өтті. Алайда, мердігер мекеменің банкрот болып танылуына байланысты басталған жұмыс орта жолдан тоқтап қалды. Құжатта жөнделген нысандардың тізіміне кіргізілгенімен, біз тұратын үйдің шатыры жөндеусіз қалып қойды. Соның кесірінен жаңбыр жауса бұрынғысынша су тоқтамайтын әдетінен арылған жоқ.
Мердігердің жайы әлгіндей болғандықтан, бұл шаруаны «ЖарықӘлемҚұрылыс» ЖШС тындыруы керек еді. Ақшасын жинап, келіскенмен мұның да арты «сиырқұйымшақтанып» кетті. Ақыры сол таз қалпымызға қайта түстік. Одан келіп, бұл жұмысты кезекті мердігер – «БәйтерекКаспийСервис» ЖШС міндетіне алды. Одан да қайран болған жоқ. Енді бір көшенің бойындағы көп қабатты 4 үйдің шатыры бүтінделместен тұр. Сонымен әрі-берісін есепке алғанда, тұрғындардың бітпеген жұмыс үшін төлеуге тиісті ақшасының сомасы 52,4-97,7 миллион теңге аралығын құрап отыр.
Сәбила ӘДІЛБАЕВА,
Әліпов көшесі, 2 а үйдің тұрғыны, үй кеңесінің төрағасы:
– Біткен істің бәрін жоққа шығарып, көпке топырақ шашуға да болмас. Мысалы, бізбен көршілес Әліпов көшесіндегі 2-үй жақында терможаңғыртудан өтті. Ескі үй жаңарып, жасарып қалды. Қасында болғандықтан қалай жасалғанын сырттай бақылап, қандай материалдар пайдаланылып, ақаулық актісінің қалай рәсімделгенін, техникалық және авторлық қадағалаудың қалай жүзеге асырылғанын, басқа да процесті көріп-біліп отырдық. Сәтті басталып, сәтті аяқталды, көңіліміз толды. Келесі кезекте біздің үйіміз тұр.
Әрине, әр үйдің өзіндік ерекшелігі, айырмашылығы бар. Проблемалары да түрліше. Бұл жердегі ең маңыздысы – тұрғындардың қандай мәселеге түсіністікпен қарап, ауызбірлік танытып, ынтымақта болуы. Ал күш біріксе, алынбас қамал жоқ екені даусыз. Өз үйіміздің ғана емес, барша қала тұрғындарын осыған шақырамын. Бірлескен істің қашан да берекелі боларын мезгілдің өзі меңзеп отыр.
13 жылда – 200 үй
Бұдан он үш жыл бұрын басталған «Тұрғын үйлерді терможаңғырту» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асқаннан бері Атырауда барлығы 200-ден астам көп қабатты үй күрделі жөндеуден өткен екен. Тек былтырдың өзінде бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 1 миллиард 338 миллион теңгеге жуық қаржы бөлінген. Соншалық қомақты қаражат 27 нысанды жаңғыртуға жұмсалыпты. Оның ішінде көп қабатты 9 үйдің жеделсатысын ауыстыру мен көп қабатты 18 үйді жөндеу жұмысы да бар.
Биыл қаладағы көп қабатты 70 үйге терможаңғырту жасау жоспарланған. Оның 37-сінің жеделсатысы ауыстырылып, 33-і күрделі жөндеуден өтуі тиіс. Бүгінде оның жобалық-сметалық құжаттары жасақталып, қаржы бөлуге республикалық бюджетке бюджеттік өтінім берілген.
Саннан гөрі сапа маңызды
Жасыратыны жоқ, мемлекеттік деңгейде маңыз беріліп отырған терможаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру барысында ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктер де, сан соқтырар жайттар да бар. Олқылықтың орнын қалай толтыру керектігі және жағдайды түзетудің тетіктері жауапты құрылымдардың басшыларын ғана емес, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен қоғам белсенділерін де толғандырып отыр.
Күрделі мәселе жақында Қазақстанның жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының Атырау облыстық филиалында өткен алқалы жиында кеңінен талқыланды. Басқосуды ашқан филиал төрағасы Нұрайнаш Камалованың айтуынша, соңғы жылдары өкілдіктің қоғамдық қабылдауына келген қала тұрғындарының дені осы проблеманы көтерген. Көппәтерлі тұрғын үйлерде тұратын атыраулықтар негізінен өздерінің мекен-жайында жүргізілген күрделі жөндеу мен терможаңғырту жұмыстарына ренішті екен. Сапаның нашарлығына, ішінара болса да көзбояушылыққа жол берілетініне наразы.
– Мәселенің мәнісіне үңіліп, тұрғындарды толғандырған жайттардың анық-қанығына көз жеткізіп, тиісті шарасын алу мақсатында қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі, «Қаладағы тұрғын үйлерге коммуналдық қызмет көрсету» ЖШС, мердігер компаниялар мен тұрғын үй қорын басқарушы құрылымдар (ПИК, МИБ, жай серіктестіктер) өкілдерінің қатысуымен бірнеше мәрте кездесу ұйымдастырдық. Тұрғындар тарапынан жолданған 60-тан астам хаттың басты тақырыбы мен мазмұны да осы терможаңғырту жұмыстарының жайына қатысты болды. Мәселені оңтайлы шешіп, халықтың талабын аяқсыз қалдырмау мақсатында Астана қаласына барып, Парламент Мәжілісінің депутаттарына, одан әрі Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіндегі лауазым иелеріне жолықтық. Сол арқылы біраз түйткілдің түйінін тарқатуға мүмкіндік алдық, — деді өкілдік жетекшісі.
Қадағалаусыз жұмыс көңілге қонбас
Қадағалау тиісті деңгейде болмаса жұмыстың сапасы да көңілге қонбасы анық. Мұны сарапшы-мамандардың өздері растап отыр. Дегенмен, жаңғырту жұмысының межеленген мерзімінен кешігіп, сапасының төмен болуына мердігердің жосықсыздығымен қоса, кейбір жағдайда тұрғындардың да себепші болатынын ашық айтқан абзал. Өйткені, уақыттың көпшілігі пәтер иелерінің өздеріне ыңғайлы мердігерді таңдауына кетеді. Оны айтпағанда, үйдің қасбетін бояған кезде тұрғындардың қапелімде бір мәмілеге келе қоймауы да іске кері әсерін тигізетіні жасырын емес.
Қазынадан бөлінген қаражат пәтер иелерінің есебінен кері қайтарылатын болғандықтан, үшжақты келісімді рәсімдегенде, әрбір тұрғынның айтқан ұсынысы ескерілуі шарт. Мұны да ескерген жөн. Жұмыстың кеш басталып, уақытынан кешігуіне басты себеп те осы болса керек.
Жеделсатыны жеткізу жеңіл емес
Отандық өндіріс болмаған соң көп қабатты үйдің жеделсатысын да Қытай немесе Түркиядағы зауыттардан тапсырыспен алдыртуға тура келеді. Бұл процестің өзі бірнеше айға созылуы әбден мүмкін. Ал, Атырау облысында мұндай мүмкіндік санаулы компаниялардың ғана құзырында.
Жауапкершіліктен ешкім де жалтармайды
Әңгімені түйіндер сәтте ойға түйгеніміз – сала мамандарының қай-қайсысы да жүктелген жауапкершіліктен қашып құтылмайды екен. Айталық, техникалық қадағалау қызметін міндетіне алған мамандар жұмыстың діттеген мерзімде аяқталып, сапасының мінсіз болуына жобалаушы және мердігермен бірдей жауапты. Сондықтан олардан да сондай жауапкершілік сұралады.
Қадағалаушылар қойған қатаң талаптың арқасында кейбір мердігерлер бір жасаған жұмысын қайтадан жасап шығуға мәжбүр. Авторлық қадағалау қызметі де «әттеген-ай» дегізер жағдайларға жол беріп жататыны жасырын емес. Қысқасы, мұның бәрі жаңғырту жұмыстарының түпкі нәтижесіне кері әсерін тигізетіні кәміл.
Дәулетқали АРУЕВ
Коллажды жасаған Сая РАМАЗАНОВА