«ТАЗА ҚАЛА – ТҰРҒЫНДАР БАЙЛЫҒЫ»

Осындай девизбен Атырау қаласындағы Сарыарқа мөлтекауданында сенбілік акциясы өтті. Шараның мақсаты – тұрғындар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және тазалыққа шақыруға, тұрғындардың өз үйі мен қаласын таза ұстауға үндеу.
«Жастар таңдауы – Атырау» қоғамдық бірлестігі мен Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен шарада жастар қала тұрғындарына тазалық туралы жазылған парақшалар таратып, қоқыс жәшіктерін дұрыс пайдалануға шақырды.
- Акцияға қатысушылардың көркейту, көгал¬дандыру жұмыс¬тары үзіліссіз жүргізілгенде ғана қаламыз жасыл желекке орана¬тыны, таза мекенге айналаты¬ны сөзсіз, - дейді ұйымдастырушылар.

Экологиялық сенбілік акциясы жастардың қаламызға деген зор махаббатын, ортақ үйіміздің таза, әдемі болуына және гүлденуіне, көркеюіне деген талпыныстарын арттырды.
Акцияға облыстағы жастар ұйымдары, ауыл жастары да белсене атсалысты.

Рита ЖАЙҒАЛИҚЫЗЫ.
Суреттерді түсірген
Ерлан АЛТЫБАЕВ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз