Жарнама
Шаһар шырайы

Талғайран, Сарықамыс, Лесхоз, Өркен…

Атырау қаласының әкімі Мейірім Қалауи аталған ықшамаудан тұрғындарымен кездесіп, ұсыныс-тілектерін тыңдады.

Кездесуге депутаттар, бөлім басшылары, жауапты мемлекеттік органдар мен коммуналдық мекеме өкілдері қатысты. Тұрғындар жол салу, жер бөлу, қоғамдық көлік, бұралқы ит, жарық желілері, ойын алаңдары мен ғаламтор желісіне қатысты өз өтініштерін айтты.

Азаматтардың талап-тілегін толықтай тыңдап шыққан қала басшысы аталған мәселелердің бәрі де заң аясында уақытынан кешікпей шешілетінін алға тартып, жауапты мамандарға тапсырмалар берді. Сондай-ақ, бүгінде қаңғыбас иттерді аулау жұмысы қарқынды жүргізіліп жатқанын жеткізді. Айтылған ұсыныстар аяқсыз қалмайтынын және шаһар тұрғындарын мазалаған әр мәселе әкімдіктің тікелей бақылауда болатынын айтты.

Амандық АБДОЛ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button