Жарнама
Шаһар шырайыҚоғам

Тәуелсіздік күні атыраулықтар «Елбасы жолы» фильмін тамашалады

Құрманғазы атындағы мәдениет үйінде өткен кинофильм көрсетілімін 200-ге жуық көрермен тамашалады, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.  

IMG_6201-17-12-18-12-57

Көрермендер фильмді көргеннен кейін әсерлерімен бөлісті.

— Сол кездегі тарихи жағдай, Елбасының Астана ауысқан кездегі басты бағдары қандай болды, қандай қиындықтар кездесті, соның бәрін фильмнен көрдік. Астана — XX, XXI ғасырлардағы салынған әдемі де жайлы қала. Фильм арқылы Елорданың қалай салынып, қалыптасқанына куә болдық, — дейді Атырау қаласының тұрғыны Майра Таукеева.

IMG_6199-17-12-18-12-57

Фильмнің алғашқы көрсетіліміне қатысқан Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев әсерімен бөлісті.

-Бұл фильмде жаңа Астана салынған кездегі барлық қиыншылықтар, осы жолдағы Елбасымыздың қол жеткізген табыстары жайлы айтылады. Мен кинофильмнен керемет әсер алдым, оның бәрін сөзбен жеткізу мүмкін емес. Мемлекет басшысының Астананы ауыстыру туралы шешімі алысты болжаған өте ақылды қадам болды, бүгінгі Астана әлем астаналары арасында ең әдемі, қазіргі заманғы Елорда ретінде белгілі. Бас қаладағы сәулетті ғимараттарды Атырауда да салу жоспарда бар. Баршаңызға уақыт тауып осы көрсетілімге келгендеріңіз үшін алғыс айтамын, фильм өте қызықты болды, — деді облыс әкімі Нұрлан Ноғаев.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button