Жарнама
Шаһар шырайыБЕЙНЕЖАЗБА

СҮЙІНШІ! Балаусаға жол салынуда! (+ВИДЕО)

«Атырауинжстрой» мекемесі Еркінқала ауылдық округі бойынша тұрғындар көптен күткен жол құрылысын бастап кетті.

https://youtu.be/7QjiO-QgZM8

– Жалпы, Еркінқала ауылдық округі бойынша төселетін жолдың жалпы ұзындығы 18 шақырымға жуықтайды. Бір ерекшелігі, мұнда жаяу жүргіншілер жолы да қарастырылған. Барлық жұмыстар тиісті деңгейде атқарылатын болады, — дейді жол құрылысына жауапты бригадир Ренат Салахатденов.

2013 жылдан бері аталған округтегі Балауса мөлтекауданында тұрып келе жатқан Тұрсынгүл Баймағамбетованың айтуынша, бұл жерде бұрын бірде-бір жол болмаған. Тұрғындардың бар арманы – жол. Себебі, жол салынса, балалар батпаққа батпай, мектепке бара алады. Қоғамдық көлік те емін-еркін қатынайды. Жоспар бойынша, Балаусаның көшелеріне толықтай тасжол төселетін болады.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

screenshot 20220413 124943

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button