Жарнама
Шаһар шырайы

Шаһар басшысы «ескі қаланы» сүру жұмыстарын жеделдетуді тапсырды

«Ескі қала» аумағында орналасқан үйлердің тұрғындарына өтемақы төлеуге жергілікті бюджеттен 1 млрд 200 мың теңге бөлінді.

WhatsApp Image 2018-11-05 at 16.03.07

Бүгін Атырау қаласының әкімі Алимұхаммед Құттұмұратұлы аппарат жиналысы барысында құрылыс бастау үшін «ескі қала» аумағында орналасқан үйлерді сүру жұмыстарын жеделдетуді тапсырды, деп хабарлайды Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Алдағы жылдың наурыз айынан бастап әлеуметтік нысандар салу үшін бұл аумақты босатуымыз керек. Сол үшін тұрғындармен кездесіп, өтемақы төлеу шарттарын түсіндіру, өтемақы сомасына келіспеген тұрғындарды көшіру жұмыстарын күшейту қажет», — деді қала басшысы.

Айта кетсек, «ескі қалада» ауданы 18 гектарды қамтитын сүрілуі тиіс 269 үй бар. Қазір соның 223-і тәуелсіз бағалаудан өткен, 73 үйдің тұрғындарына жаңа баспана алу үшін өтемақы төленген. Көшіруге келіскен тұрғындар 2019 жылы жаңадан салынып жатқан «Береке» ықшам ауданынан баспаналы болады.

Атыраудың даму бас жоспары бойынша 2030 жылға қарай қала тұрғындарының саны 350 мың адамға дейін өседі деп күтілуде. Ал облыс орталығының аумағы үш есеге ұлғайып, 46 мың гектар болмақ.

Айта кетейік, әлеуметтік инфрақұрылымның қалыпты болуы үшін 2030 жылға қарай қосымша 83 балабақша, 45 мектеп, 20 емхана, бес аурухана, алты дене шынықтыру-сауықтыру кешені және үш мәдениет үйі салынады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button