
Шаһар шырайы
Заңсыз қоқыс төккен көлік иесі анықталды
Жуырда сағат 15:00 шамасында Атырау қаласы «Самал» шағынауданындағы бос жер учаскесіне қоқыс төгіп жатқан жеңіл жүк көлігінің иесі анықталды. Бұл әрекет жергілікті тұрғындардың назарынан тыс қалмай, олар бейнежазбаға түсіріп алған.

Атырау қаласы әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, полиция департаментінің қызметкерлері көшедегі бейнебақылау камераларының көмегімен автокөлік иесін анықтады. Нәтижесінде, құқық бұзушыға тиісті заңдылыққа сәйкес абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.
Жауапты мекеме өкілдері қала тұрғындарын қоршаған ортаны таза ұстауға шақырып, айналаның көркін сақтау қажеттігі жөнінде ескертеді.
А.НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ