
Қ.Сәтпаев даңғылындағы көппәтерлі тұрғын үйлер күрделі жөндеуден өтуде
Былтыр қазанда Атырау қаласындағы Қ.Сатпаев даңғылындағы жеті көппәтерлі үйге күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Бүгінде олардың төртеуі толықтай жөнделіп, қалған үшеуіндегі жұмыстар 90%-ға аяқталды. Бұл туралы қалалық ТҮКШ және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы Ербол Айтқалиев мәлім етті, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жоба аясында ғимараттың сыртқы қасбеті жаңартылып, заманауи түстермен әрленді. Шатыры толық ауыстырылып, жаңа оқшаулағыш материалдармен жабдықталды. ЛЭД жарық шамдары орнатылып, домофон жүйесі жаңартылды. Сондай-ақ аулаға жаңа орындықтар қойылды.

–Құрылыс жұмыстарын «TAU CORPORATION LTD» ЖШС, «NS-consttruction» ЖШС және «Тенгиз Транс Казахстан» ЖШС жүргізуде. Жоспарға сай үш үй шілдеде тапсырылады. Бұл жұмыстар жергілікті бюджеттің қаражатымен жүзеге асуда, — деді Е.Айтқалиев.