«Нұрсая» жарықсыз қалды
Кеше, Атырау қаласындағы «Нұрсая» шағынауданының жартысы жарықсыз қалды. Жарықпен бірге, жылу, сусыз қалған тұрғындар қыстың қақ ортасында қақаған үйде отыруға мәжбүр. «Атырау — Жарық» мекемесі оқиға орнында бригада жұмыс жасап жатқанын мәлімдеді. Бір қызығы, белгісіз компания «Атырау Жарық” АҚ-ның келісімінсіз, «Нұрсаяда» жер қазба жұмыстарын жүргізіп, 10 кВ кабель электр желілерін үзіп кеткен. «Салдарынан «Нұрсая» шағынауданы, “Жерұйық” тұрғын-үй кешені, Полиция департаменті ғимараты, “BINOM” мектебі жарықсыз қалды.
Оқиға орнынан кінәлі тарап жауапкершіліктен қашып кеткені белгілі болды.
Қазір «Нұрсая» шағынауданында қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Нақты қосылу уақыты белгісіз. Қызметкерлер жедел қосу үшін бар күштерін салуда” делінген «Атырау- Жарық» мәліметінде. Жарықтың болмауынан Әл-Фараби атындағы BINOM мектеп-лицейі түстен кейінгі ауысым оқушыларын үш сабақтан кейін босатуға мәжбүр болды.