Нұрсая мен Самалда жарық қашан қосылады?

lrolrlr Шаһар шырайы

Нұрсая мен Самал ықшамаудандарында жарық мәселесі 2023 жылға қарай толық шешілмек.

«Бұған дейін аталмыш шағын аудандардың тұрғындары жарықтын жиі сөнетінін айтып, шағымданған болатын. Электр жарығы жер асты кабельдері тозып кеткендіктен сөне береді. Оған себеп жер асты суларының тұзды болуы. Қазір жобасын жасап жатырмыз. Оған жаңадан шыққан «сшитый полиэтиленді» қостық. Егер бұл жұмыстарды 2023 жылға дейін аяқтасақ, Нұрсая мен Самал ықшам аудандарындағы жарық мәселесі толықтай шешіледі» дейді Атырау тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Әлібек Мұханбеталиев.

Сондай-ақ, қаладағы 40 нүктеде орналасқан трансофрматорларға ұзын ток желілерінің қосылуынан құрылғының барлық үйге күші жетпейді. Сондықтан әкімдік тарапынан қосымша тағы 40 трансформатор сатып алынды.

«Жеке үйлердегі жарықтың сөнуі – жеке сол үйдің мәселесі. Төртінші ток желісін өзіне тартып алады да, себепсіз сөніп қалса бірден көршілерінен көреді. Адам ток үшін қаражатын аямау керек. Егер қалың токты орнататын болса, мұндай проблемалар болмайды» дейді бөлім басшысы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз