Жарнама
Шаһар шырайы

«Мерей» базары жабыла ма?

Бірінші тамыздан бастап қаладағы «Мерей» базарының аумағында көлік жөндеу орталықтары болмайды.

Бұл туралы caspianlife.kz хабарлады. Жалға алушы кәсіпкерлер жағымсыздау бұл жаңалықты жуықта естіген. Олардың айтуынша, көлік жөндеушілер сәуір айының соңына дейін жалға алған аумақты босатпаса, базар әкімшілігі жарықты сөндіріп тастамақ.

7 айдан кейін Мерейдің администрациясы келіп, 2 күн уақыт беремін бұл жерді бұзыңдар деп келіп тұр. Тезірек бұзып кетіп қалыңдар деді. Мен бұның әлі ақшасын шығарған жоқпын. КЖО-ын 250 шаршты метрге салдым. Ішіне 12 миллион теңге ақшам кетті. Ол ақшам әлі шыққан жоқ. Осы айда келіп маған 150 мың теңге ақша сұрап отыр,-дейді кәсіпкер Жарқын Кусимов. 

Бұл жерде көліктерге техникалық қызмет көрсететін 50 ден астам шебер жұмыс істейді. Кейбіреуі осы жерде 15 жылдан бері нан тауып жүрсе, өзгелері жуықта ғана ашылған.

— Неше жылдан бері жасап келе жатырмын. Алады да бір күнде кетіңдер дейді. Кредитім бар, семьям бар. Квартира жалдап отырғаным бар. Шауып барып, қалай тастап кетемін? — дейді механик Александр Брудко.

Кәсіпкерлердің сөзінше, соңғы кездері базар басшылығы коммуналдық қызметтің құнын да көтеріп жіберген. Тіпті, есептегіш құралдың нәтижесін көрмей, 150 000 мың теңгеге жуық шығындалуға тура келген. Бірақ, базар әкімшілігі мұндай пікірлермен келіспейді.

— Біз бұл мәселені 2 жылдан бері көтеріп келеміз. Тек нақты уақытын білген жоқпыз. Жалға алушыларға қаңтарда тағы ескертіп айттық. Мен мұндағы кәсіпкерлердің барлығымен жеке-жеке сөйлестім, түсіндіріп айттым. Олар өздері де келді, — деп жауап берді базар басшысы Олеся Макарова. 

Кәсіпкерлерлер болса қалалық әкімдіктен көмек сұрады. Нәтижесінде, базар аумағында 1 тамызға дейін жұмыс істеуге рұқсат алды. Бірақ, мерзім біткен соң орындарын босатулары керек. Ал базар басшылығы бос қалған аумаққа тас жол төсеп, инфрақұрылымды жақсартпақ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button