МӘҢГІЛІК АЛАУҒА – ГҮЛ ШОҚТАРЫ
-Бүгіндері 375 жыл толған мерейлі тойын атап өтіп отырған Атырау қаласының мерекесінде кешегі Ұлы Отан үшін болған соғысқа аттанып, майданнан оралмаған боздақтардың рухына тағзым ету, қатарымызда жүрген аға буын өкілдері мен тыл ардагерлеріне құрмет көрсету – кейінгі ұрпақтың парызы. Міне, бүгін де сол дәстүрімізден жаңылмай, осы жерге келіп тұрмыз. Еліміздің мұнайлы астанасы мәртебесін иеленген шырайлы шаһарымыздың мерейтойы құтты болсын. Өмірлеріңіз жақсылық пен сәттілікке толсын,-деді Нұрлыбек Жұмахметұлы.
Жеңіс саябағында жалғасын тапқан тағылымды шараға ардагерлермен қатар, әр жылдары қаламызды басқарған ел ағалары, Атырау қаласының Құрметті азаматтары, сондай-ақ, көршілес Батыс Қазақстан облысынан келген меймандар қатысты.
Дәулетқали АРУЕВ.
Суретті түсірген Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ.