KEGOC ТАРИФТЕРІ 9 ПАЙЫЗҒА КӨТЕРІЛЕДІ

2014 жылы KEGOC тарифтері тоғыз пайызға көтерілмек. Бұл туралы бейсенбі күні өткен Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте компания басқармасының төрағасы Бақытжан Қажиев айтты. Оның баяндауынша, бұл компания активтерінің ағымдағы пайдалану деңгейін ұстап тұру, оның ішінде электр энергиясын сатып алу шығыстарының ұлғаюымен байланысты.

– Сонымен бірге инвестициялық жобаларымызды жүзеге асыруға да қаржы қажет. Дегенмен, электр энергиясының жалпы құны құрылымындағы біздің үлесіміз көп емес, шамамен 10 пайыз ғана. Толықтай алғанда келесі жылы Қазақстан бойынша электр энергиясының құны артатын болады. Өйткені, Үкіметтің 2015 жылға дейін бекітілген шекті тарифтер бойынша қаулысы бар, – деді ол.

Өз тілшіміз.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз