Көшеге – диодты шам
Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Мұрат Иғалиевтың баяндауынша, биыл басталған көшені жарықтандыру желілерін салу жұмыстары келесі жылы да жалғасады. 2017 жылдан бері «Атырау қаласындағы көше жарығы желілерінің құрылысын салу және пайдалану» жобасы мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында іске асырылып отыр.
– Жобаны «БатысТранзит» АҚ жүзеге асырады. Бұл кәсіпорынның қазірдің өзінде табысты серіктестіктің тәжірибесі бар. Өткен жылы 19 көшеде жарық диодты шамдар орнатса, биыл тағы 20 көшеде осындай жұмысты аяқтады. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бойынша екі қосымша жоба аясында қаланың 192 көшесін жарықтандыру жоспарлануда. Сонымен қатар, Атырау-Индер, Атырау-Доссор тас жолдары жарықтандырылады, — деді Мұрат Жаубайұлы.
Азамат САНСЫЗБАЙҰЛЫ.