ҚҰРМЕТТІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ!

Атырау қаласы әкімінің 2014 жылғы 21 ақпандағы №156 «Елді мекендердің санитарлық тазалығы, сумен қамтылуы және кәріздік нысандарының 2014 жылдың көктемгі-жазғы маусымына дайындығы туралы» қаулысына сәйкес, үстіміздегі жылдың 1 наурыз бен 1 мамыры аралығы Атырау қаласы бойынша санитарлық тазалықтың екі айлығы болып жарияланды.

 

Осыған орай, қала аумағында 15, 29 наурыз және 12, 26 сәуір  күндері «Туған қала тазалығы – өз қолыңда!» атты жалпықалалық сенбіліктер ұйымдастырылады.

Сіздерді қала аумағын абаттандырып, көркейту жолында жұмыла еңбек етіп, туған өлке тазалығына өз үлестеріңізді қосуға шақырамыз.

Атырау қалалық әкімдігі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз