Футбол алаңы қараусыз қалды
Атырау қаласындағы Жұбан Молдағалиев көшесінің бойында орналасқан футбол алаңының пайдалануға берілгеніне біраз жыл болған. Өкініштісі, бүгінгі көрінісі адам аяғандай күйде.
Бұл алаңнан балалар мен ересектердің құлшына келіп, ала допты ермек етіп жатқанын көрмейсің. Керісінше, итін жетектеп, серуендеп жүрген бірді-екілі адам ғана көзге түседі. Оның үстіне қасындағы көпқабатты үйлерге қарай шығатын тұсын тормен қоршап қойған. Енді тұрғындар ойнағысы келсе де, қоршауға секіріп түсіп немесе айналып келуге мәжбүр.
Балалар жылында осы алаңға жауапты органдар тарапынан көңіл бөлінгені байқалмады. Шамасы бұл жердің балалары ойнау үшін басқа алаңға барып жүрген болулары керек. Ал шындығында қыруар қаражатқа салынған футбол алаңының жағдайына көңіл бөлінуі керек секілді.
Алмас ҚАБДОЛОВ
Суреттер автордікі