ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІҢ ЕРТЕҢГІ ДАМУЫ БАС ЖОСПАР НЕГІЗІНДЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ
Әйтсе де, Жайық-Каспий су көздерін реттеу және қорғау инспекциясының басшысы Бисен Қуановтың айтуынша, бұл мекеме мамандары жоғарыда аталған елді мекендердің бас жоспарын жасақтауға тартылмапты. Демек, Су кодексі талаптарының қаншалықты орындалғаны жөнінде бұлар бейхабар. Тек қоғамдық тыңдау барысында ғана қажетті құжаттар берілетіндігі айтылды. Сонда тиісті өзгертулер содан соң ғана енгізілмек пе? Бұл біткен жобаларды қайта жасақтауға соқтырмай ма? Сонау 1993 жылы Құлсары мен Миялыны алып кеткен су тасқынының сабағы да ескерілуі керек еді. Сарайшықты қорғап қалудың да шарасын шұғыл алған абзал.
Оның үстіне, өңірдегі қоршаған ортаға қатысты үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері де қоғамдық тыңдауда бой көрсетпеді. Өзге уақытта белсенділік танытып жүретін солардың бұл жолы қайда кеткенін білмедік. Бәріне де ескертілген, әрі осы шараның өтетін мерзімі мен орны туралы облыстық газеттерге алдын ала хабарландыру да берілді.
Әйтсе де, қоғамдық тыңдау барысында айтылған ұсыныс-пікірлер мамандардың талқысына салынып, бәрі де ескерілетін болады. Шараны жүргізген облыстық мәслихат депутаты Сүйінішбек Әбуғалиев осы жайды баса айтты.
М.ЕЛЕМЕСҰЛЫ.