Жарнама
Шаһар шырайы

Депутаттың өнегесі

Көктемгі санитарлық тазалау, абаттандырудың айлығы аясында Атырау қалалық мәслихатының депутаты Мұрат Әмірғалиев Дамбы селолық округінде болды.

Халық қалаулысы бұл күні қолына күрек, кетпен алып, көктемгі көгалдандыру жұмысына атсалысты. Аталған поселкедегі «Мәңгілік алау» ескерткіші маңын қоқыстан тазартуға қатысып, түрлі көшеттер отырғызды. Шараға Атырау қалалық әкімдігі өкілдері, 2201 «Г» әскери бөлімінің сарбаздары, ауыл ардагерлері мен балықшылар да үлес қосты. Барлығы 150 көшет егілді.

– Билік басында жүрген азаматтардың мұндай істі қолға алуы жастарға үлгі болары сөзсіз. Тазалық – баршаға ортақ. Сондықтан, барлық тұрғындарды айналаны таза ұстауға шақырамын. Бұл шаралар алда да жалғасын табады, – деді М.Әмірғалиев бізбен әңгімесінде.

Айта кету керек, ағаш отырғызылған ескерткіш аумағына гүл егіліп, қоршау жұмыстары да жүргізіледі.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button