Демалыс орнында кемшілік көп

kala akimi 2 Шаһар шырайы

Кейінгі кезде Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В компаниясының әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобасы аясында салынған демалыс орындарына қатысты әлеуметтік желіде сыни пікірлер жиілеп кеткені рас.

Осыған орай, Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкин мен қалалық мәслихаттың төрағасы Нұрбол Құрман жергілікті атқарушы билік құрылымдары өкілдерімен бірге аталған нысандарды аралап көрді. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің алдынан Бейбарыс сұлтан көпіріне дейінгі жағалаудың абаттандыру жұмыстарын зерделеу барысында көптеген олқылықтар мен кемшіліктер орын алды.

kala akimi 1

Атап айтқанда, көлеңкелі шатырлар желдің әсерінен құлап, жарамсыз болып қалған. Жоласты жарық шамдары істен шығып, жүгіруге арналған арнайы резеңке жолы, қаптауға арналған гранит тастар сынып, төсемдері отырып кеткен.

Қала әкімі бұл кемшіліктерді қалпына келтіру үшін «Жастар саябағына» жауапты NCOC компаниясы мен құрылысты жүргізген мердігер мекемеге қайтадан техникалық тексеру жүргізу жөнінде нақты тапсырма берді.

Дәулетқали АРУЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз