Жарнама
Шаһар шырайы

Дамбы ауылына 41 техника жұмылдырылды

Атырау қаласындағы Дамбы селолық округінде 2 шақырым бөгет салынды. Жаға бекітуге 41 техника жұмылдырылып жатыр. №№100, 101, 102, 103 учаскелердегі жұмыс қарқынды жүруде.

Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Нұрберген Құсайыновтың айтуынша, аталған жұмыстарға мемлекеттік органдармен бірге, тұрғындар жұмылуда.

–Бөгеттің ұзындығы 4,5 шақырым болса, қазір оның 2 шақырымға жуығы жасалып бітті. Бұл жұмыстарды ауыл тұрғындары мен еріктілер жұмыла атқаруда. Біздің тарапымыздан арнайы техникалармен қамтамасыз етіліп, топырақтың үстіне қосымша төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тұрғындар арнайы қапшықтарға топырақ толтырып, қосымша бөгет салуда ,- деді Н.Құсайынов.

Дамбы ауылында су тасқынының алдын алуға 400-ден астам ерікті қызмет етуде. Жаға бекіту жұмыстарына аталған басқарма мен «Құрманбай», «Амангелді», «ДВС» жеке кәсіпкерліктері қолдау көрсетуде. Қазір мұнда 41 техника жұмылдырылған. Олардың ішінде 23 самосвал, 3 экскаватор, 7 жүк тиегіш, 4 каток, 3 бульдозер, 1 трактор бар.

Атырау облысының төтенше жағдай жөніндегі жедел штабы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button