Жарнама
Шаһар шырайы

Біздің жүлдегерлер

Аймақ жылнамашысы атанған «Атыраудың» тілшілері байрақты бәсекеде жеңіс тұғырынан көрінді. Газеттің қоғамдық-саяси бөлімнің шолушысы  Мәлике Қуанышева дәстүрлі «Шаңырақ» облыстық  байқауында бірінші орынды жеңіп алды. Ал, экономика және әлеуметтік мәселелер бөлімінің шолушысы Дәулетқали Аруев үшінші орынды қанжығаға байлады.

Біздің жүлдегерлер

Газет бетінде Ассамблея  ұдайы жариялап, ойлы мақалаларымен оқырман жүрегіне жол таба білген Мәлике Мәлікқызы бұған дейін «Бірлігіміз жарасқан!» арнайы қосымшасын әзірлеген болатын. Кәсіби мамандар пікірін шебер ұштастырып, қазақ тілді басылымда өзге ұлт өкілдерін қазақша «сөйлете» білген де Мәлике десек, артық айтқандығымыз емес. Яғни, оның жеңісі – еңбегінің жемісі.

Біздің жүлдегерлер-1

Өңірдің бас басылымында ұзақ жылдар бойы үздіксіз қызмет етіп келе жатқан Дәулетқали Аруевтың хабарлары да көптің көңілінен шыққаны анық. Кезекті жеңістеріңіз құтты болсын, әріптестер!

Айбөпе САБЫРОВА

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button