Жарнама
Шаһар шырайы

Биыл Атырауда жаңа саябақ пайдалануға беріледі

Атырау қаласында салынып жатқан жаңа Орталық саябақтың құрылысы биыл толық аяқталып, пайдалануға беріледі. Аумақтағы құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Жалпы көлемі 4 гектар болатын демалыс орны Әлия Молдағұлова көшесінің бойында орналасқан. Бұл туралы Атырау облысы Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Нұрберген Құсайынов мәлімдеді, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Саябақ аумағына жүздеген тал-терек егіліп, аллеялар, гүлзарлар, заманауи субұрқақтар мен көркем композициялар орнатылады.

– Орталық саябақтың құрылысы 2023 жылдың қараша айында басталды. Қазір жұмыстар белгіленген кестеге сәйкес жүргізілуде. Бұл тұрғындар үшін жайлы әрі қолжетімді қоғамдық орын болмақ. Мұнда барлық жастағы адамдарға арналған демалыс, серуендеу, спортпен шұғылдану және балалар алаңдары қарастырылған, – деді Нұрберген Құсайынов.

Жаңа саябақтың құрылысы облыстық құрылыс басқармасы мен “NCOC” компаниясының тапсырысы негізінде жүзеге асырылып жатыр. Жобаның мердігері – “Нұрсат” ЖШС.

Саябақ аумағында тұрғындар үшін балалар және спорт алаңдары, мәдени іс-шараларға арналған сахналар және демалыс бұрыштары жасалады. Сондай-ақ тамақтануға арналған фуд-корт аймағы қойылып, жарықтандыру және навигациялық жүйелер орнатылады.

Басқарма басшысының айтуынша, жаңа саябақ атыраулықтар үшін табиғат пен заманауи инфрақұрылым үйлескен сүйікті орынға айналмақ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button