Атырауда Президенттік оркестр мерекелік концертін қойды (ФОТО)

WhatsApp Image 2018 09 19 at 10.41.50 1 Жаңалықтар

Атырауда Президенттік оркестр мерекелік концертін қойды. Оған 1 мыңға жуық көрермен жиналды, деп xабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

WhatsApp Image 2018-09-19 at 10.41.50 (1)

WhatsApp Image 2018-09-19 at 10.41.49

ҚР мемлекеттік күзет қызметі Президенттік оркестрінің музыкалық бағдарламасына атыраулықтар тұңғыш рет куә болып отыр. Өнер ұжымы республикалық конкурстар лауреаттарының орындауындағы 16 әннен тұратын музыкалық бағдарламаны ұсынды. Аталмыш бағдарлама «Кең далам», «Менің жерім, менің елім», «Елбасы», «Ұлы дала» т.б. әндерден құралған.

WhatsApp Image 2018-09-19 at 10.41.50 (2)

WhatsApp Image 2018-09-19 at 10.41.50

Шара соңында сөз алған облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Астанадан келген делегацияға алғысын білдірді.

WhatsApp Image 2018-09-19 at 10.41.51

«Мен өз тарапымнан ҚР Президентінің кеңсе басшысы Махмұд Базарқұлұлына, кітапхана ұжымына, Президент оркестрінің басшылығына, ұжымына қош келдіңіз дей отырып, арқалап келген ыстық ықыластарыңызды атыраулықтар жылы қабылдады деп сенім білдіремін. Көрме аясында Президент оркестрінің тамаша музыкалық кешін тамашаладық. Президент оркестрі өзге мемлекет, әлемдік державалар басшылары келгенде өз өнерлерін көрсетеді. Елбасы нұсқауымен оркестрдің біздің жерімізге келіп өнер көрсетуі үлкен абырой. Баршаңызды көрмені тамашалауға шақырамын. Көрмеде бұрын-соңды болмаған ақпараттармен танысып, Елбасының елге, жерге деген ниетінен туындаған игі істері туралы мағлұмат ала аласыз», – деді өңір басшысы.

Хорлан Смадияр

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз