ӘУЕЗОВ, АЗАТТЫҚ ЖӘНЕ ДАТОВ КӨШЕЛЕРІ ЖАҢҒЫРТЫЛМАҚ

img 20220712 wa0065 Шаһар шырайы

АТЫРАУДА ӘУЕЗОВ, АЗАТТЫҚ КӨШЕЛЕРІНДЕГІ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ТЕКСЕРІЛДІ.

«Жол активтері сапасы ұлттық орталығы» РМК АОФ баспасөз хатшысы Ләззат Еділханқызының айтуынша, биыл Атырау қаласында жалпы ұзындығы 135,8 шақырымды құрайтын 231 көшеге тақтайдай тегіс жол салынады.  Олардың  қатарында көлік көп жүретін Әуезов, Сырым Датов және Азаттық даңғылы бар. Бүгін «Жол активтері сапасы ұлттық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорынының Атырау облыстық филиалы мен жолдарға тапсырыс беруші Атырау қалалық тұрғын-үй коммуналды шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің өкілдері қайта жаңғырту жұмыстарын бақылады.

«Жол активтері сапасы ұлттық орталығы» РМК АОФ директоры Бекбол Мұқашовтың  мәліметінше,  «Тұрғындар қалашығы» ықшам ауданындағы Әуезов көшесінде ұзындығы 2840 метрлік жолды қайта жаңғырту жұмыстары қарқын алған. Қазір жолдың ескі асфальты бұзылып, ең төменгі қабатына дейін толықтай тазартылып жатыр. Бірер күн ішінде құрылыс қалдықтары қала сыртына шығарылады, ал жол табаны тегістеледі. Мердігер мекеме өкілдерінің айтуынша, 4 жолақты  жолдың ені 14 метр, жаяу жүргіншілер жолының  ені 1,5 метрді құрайды. Шілдеде басталған жол салу жұмыстары қарашаға дейін аяқталуы тиіс.

Бұдан бөлек, «Азаттық» даңғылының  Әуезов көшесі қиылысынан  «Балықшы» ықшамауданына дейінгі 2,5 шақырымы да қайта салынады. Бүгінде бірнеше қабаттан тұратын ескі асфальт толықтай тазартылған. Қазір малта тасты құмды қоспа төселуде. Жөндеу жұмыстарына 17 техника мен, 45 жұмысшы жұмылдырылған.

«Жол активтері сапасы ұлттық орталығы» РМК АОФ инженерлері жол құрылысына қажетті малта тасты құмды қоспа, қиыршықтасты құмды қоспадан сынама алды. Қазір орталық зертханасында сараптамадан өтуде. Қорытындысы тапсырыс беруші мен мердігер мекемеге беріледі.

Аман ШАМАР

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз