Жарнама
"ATYRAÝ"-ға 100 жыл!Шаһар шырайы

«ATYRAÝ» газетінен арнаулы бет ашылды!

Ұлысудың көне Хазар теңізіне құяр сағасындағы алқапты ертеде Атырау атаған…

Бүгінде осы атаумен ұзындығы 30 шақырымға жуық алып елді мекенге айналған бұл шаһар мұнайлы өлкенің алтын діңгегі іспетті. Себебі, өндірісі өркен жайған өлкенің кез-келген мәселесі – келелі кездесу мен қауырт шаруалардың нүктесі осы жерде шешіледі. Жайықтың жақұтына айналған ортақ мекеннің игілігін бірге көріп, күрмеулі мәселелерін бұқарамен бірге шешпек мақсатта біз «47° ендік, 51° бойлық» атты арнаулы бет ашуды жөн көрдік.

Оны осылай атауымыз да бекер емес: географиялық картаға үңілсеңіз, Атырау қаласы 47-інші ендік пен 51-інші бойлықтың қиылысында орналасқан. Енді қос құрлықтың кіндігінде жасалып жатқан қарқынды істер мен келелі міндеттер арнаулы бетте айына екі рет жарияланбақ. «Тұрғындар тілегі», «Қала көркі – келбетімен», «Көрген көзде жазық жоқ», «Көше сәні – өзімізден», «Не? Қайда? Қашан?», т.б. тұрақты айдарлар да назардан тыс қалмайды. Ендеше, Сізден хат-хабар күтеміз, қадірлі оқырман!

Редакция

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button