
Шаһар шырайы
Атырауда «Жұмысшы жастар аллеясы» ашылды
Жұмысшы жастардың республикалық форумы мен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Атырау қаласында Жайық өзенінің оң жақ жағалауында Жұмысшы жастар аллеясы ашылды.

Аталған акцияда еліміздің түкпір-түкпірінен келген, өндіріс орнында еңбек ететін жастар, студенттер және кәсіпорын жетекшілері бірлесіп, жаңа аллеяға 100-ге жуық тал екті.

Аллеяның ашылуы өңірде экологиялық мәдениетті дамытып, жасыл аймақтарды көбейтуге бағытталды.

Іс-шараға республика Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары Біржан Әлімжанов пен Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының басшысы Гүлнұр Сүйеуова қатысты.

Дәулетқали АРУЕВ