Водников, Көкарна, Ақжайық, Құрсай, Геолог және Мирас… (+ФОТО)

294893059 1655652881483855 3190884172980744760 n Шаһар шырайы

Қала әкімі Мейірім Қалауи Водников, Көкарна, Ақжайық, Құрсай, Геолог және Мирас шағынаудандарының тұрғындарымен кездесті.

Сондай-ақ, жиынға депутаттар, бөлім басшылары мен жауапты мемлекеттік органдар және коммуналдық мекеме өкілдері қатысты. Кездесуде айта-айта ауыз талған, жаза-жаза жауыр болған мәселелер қозғалды. Атап айтсақ, бұлар – жол, жер, қоғамдық көлік, бұралқы ит, жарық, көгалдандыру, ойын алаңы, балабақша мен мәдениет үйінің жоқтығы және тағы басқа.

Тұрғындар тілегін толықтай тыңдап шыққан шаһар басшысы көтерілген проблемалардың бәрі де өзектілігіне қарай заң аясында жүйелі түрде шешілетінін атап өтті. Ол айтылған ұсыныстар да жерде қалмай, қажеттілігіне қарай жүзеге асатындығына да сендірді.

Әділет АМАНГЕЛДІ

(фото: қала әкімдігінің баспасөз қызметі)

294877534 1655652891483854 6451588043069515158 n 2
295179154 1655652871483856 7804123288729918820 n 2
294803675 1655652848150525 7457260466620791344 n 2
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз