Шаһар шырайы
Атырауда жүгіру марафоны өтуіне байланысты жол жабылады
Атырауда 30 тамыз – ҚР Конститутциясы күніне орай “Діни экстремизм мен терроризмге жол жоқ!” атты 10 шақырымдық жүгіру марафоны өткізілуіне байланысты жол уақытша жабылады.
Бұл туралы Атырау қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бұқаралық спорт жарысы 26 тамыз күні сағат 8:00-де өтеді. Оны Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен «Жәрдем-Атырау» корпоративтік қоры ұйымдастыруда.
Жүгіру аумағы — Атырау облысы әкімдігінің алдынан басталады. Хабарламада «Сұлтан Бейбарыс» алаңы (Әйтеке би, 77) мен «Sultan Palace» қонақ үйінің (Әбілқайыр хан даңғылы, 70) аралығындағы жол қатысушылардың қауіпсіздігі үшін уақытша жабық болатындығы жарияланған.
Н. Насыр