Жарнама
Шаһар шырайы

Атырауда құм толы қапшықтар жиналып жатыр

Қазір Жайық өзенінің орталық көпір, «Авангард» шағынаудандарындағы жағалау бойындағы құм толтырылған қапшықтар жиналып жатыр.

Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы Ғасырбек Төлегеннің мәліметінше, қапшықтардағы құмдар кезінде топырақ алынған карьерлерге қайта төгілуде. Бұл жұмыстарды учаскелерге арнайы бөлінген мекемелер атқаруда.

–Атырау қаласы бойынша Жайық өзеніндегі су деңгейі төмендеп келеді. Бірнеше күннен бері судың деңгейі қайта көтерілген жоқ. Сол себепті Атырау қалалық әкімдігі тасқын су басу қауіпі жоқ аумақтардан қапшықтарды жинау жұмыстарын қолға алды, — деді спикер.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button