Жарнама
Шаһар шырайы

Атырауда маса улау жұмыстары қалай жүргізілуде?

Атырау қаласы және шаhарға қарасты елді мекендердегі маса улау жұмыстары басталды. Бүгінде көпқабатты 1200-ден астам тұрғын үйдің жертөлелері мен кіреберістері дезинфекциялануда. Бұл жұмыс айдың ортасынан бастап ашық су алаңдары мен саябақ, көшелерде жалғасады.

Ол туралы қалалық ТҮКШ және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы Елтай Айбатов мәлім етті, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

–Масаға қарсы дезинфекция жұмыстары қаланың екі бөлігінде жүреді. Мердігер «AG Disinfection services» ЖШС оң жақ жағалауға, ал «ARTS» ЖШС сол жағына жауапты. Тұрғындар тарапынан арыз-шағымдарды қалалық ТҮКШ және тұрғын үй инспекциясы бөлімі арқылы, сонымен қатар 109 бірыңғай байланыс орталығынан қабылдаймыз. Процесс барысында есік-терезенің ашылмағаны абзал. Жұмыстың қай үйлерде жүретіні пәтер иелері кооперативіне алдын ала хабарланады, соған сәйкес тұрғындарға да ескертіледі, — деді Е.Айбатов.

«ARTS» ЖШС-ның жоба менеджері Мақсат Жанаевтің айтуынша, масаға қарсы дезинфекциялық препарат экологияға, адамдарға зиянсыз. «Залалсыздандыру жұмыстарына агран, циперрметрин, анти-инсекта, фаскон препараттарын қолданамыз. Жұмыстар арнайы кестеге сай жасалады», — деді ол.

Қаланың оң жақ жағалауында 8 адам мен 8 техника, ал сол жақ жағалауда 6 адам мен 6 техника жұмыс істеуде.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button