Шаһар шырайы
Атырауда 40 техника жаңбыр суын тазартуда
Атырау қаласында толассыз жауған жаңбырдан кейін арнайы тазарту жұмыстары басталды. Қазір 40 арнайы техника орталық көшелер мен су жиналған аумақтарда тазарту жұмыстарын жүргізуде.
Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қажет болған жағдайда техникалардың саны көбейтілмек. Бұл жұмыстар қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасау және көлік қозғалысын қалпына келтіру мақсатында қолға алынды.
А.НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ