
Шаһар шырайы
Атырау қаласының көшелеріне 80 тонна инертті материал себілді
Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты 6 көпір, 6 ауылдық округ жолына және орталық көшелер мен аялдама, сондай-ақ жаяу жүргінші жолына инертті материал себілді, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

«Арнаулы автобаза» ЖШС басшысы Алмас Ізтілеуовтің айтуынша, бұл жұмысқа 300 адам мен 3 техника жұмылдырылды.

-«Арнаулы автобаза» ЖШС қызметкерлері түннің 3 сағатына дейін жұмыс жасады. Қала ішіндегі Атырау-Доссор, Атырау-Индер трассасына, Дамба, Тасқала, Еркінқала, Алмалы ауылдық округтерінің жолына инертті өнім себілді. Қазір қала көшелерін тазалау жұмыстары жалғасуда. Алдағы күндері қар жауады деп күтілуде, соған сай біз де қарқынды жұмыс атқарамыз, — деді А.Ізтілеуов.