Жарнама
Шаһар шырайыҚоғамҚұқық

Атырауда қызметтік көліктерге бақылау күшеймек

Атырау облыстық әкімдігі қызметтік көліктерге айрықша белгілерді жапсыру акциясын  бастады,-деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

IMG-20180111-WA0014

Айрықша белгілер қалалық, облыстық әкімдіктердің қызметтік көліктеріне жапсырылды. Соның арқасында мемлекеттік қызметшілер мен  жүргізушілердің көлікті жеке мақсаттарына және жұмыстан тыс уақытта пайдаланғандарын анықтауға болады.

«Атырау облыстық әкімдігі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Бірінші медиаорталықпен» бірлесіп мемлекеттік қызметшілердің қызметтік автокөліктеріне айрықша белгілер жапсыру акциясын бастады. Мұнда Атырау қаласының гербі мен жедел желі телефон нөмірі бейнеленген,  сол арқылы әкімдіктің қызметтік көліктерін жұмыстан тыс мезгілде пайдалану деректері туралы хабарласуға болады»,-дейді Атырау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары Дәурен Бектұрғанов.

IMG-20180111-WA0016

Айта кетейік,  мемлекеттік көлікті жеке мақсатқа  пайдалану деректеріне куә болған азаматтар  «WhatsApp»  арқылы фото және бейнекөріністер жолдай алады.

IMG-20180111-WA0017

Табылды Біржанов, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Бірінші медиаорталықтың» басшысы: Бұл шара республика бойынша өтіп жатыр. Айрықша белгі жүргізушілердің және мемлекеттік қызметшілердің көлікті жеке мақсатқа пайдаланғанын анықтауға көмектеседі.  Статистикаға сүйенсек, 2017 жылы мемлекеттік қызметшілер тарапынан болған заң бұзушылықтардың 90 пайызы қызметтік көліктерін жеке мақсатқа пайдаланумен байланысты болған.

Айқара Ғұмар

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button