Шаһар шырайы
Қаладағы «қонақтар»…
Ажарлы Атырауды тұрғындарын былай қойғанда, жылқыларына дейін жақсы көреді. Мұны мына бір назарларыңызға ұсынып отырған көріністен айқын аңғаруға болады.
Атап айтқанда, Азаттық даңғылының бойындағы «Халық соты» аялдамасының маңында демалыс күндері екі жылқы жайылып жүрді. Дереу ұялы телефондарын қолдарына алып, суретке түсіріп жатқандарға Қамбар ата тұқымдары елең етпеді. Сірә, бұлар үшін «таныс өлке, таныс аймақ, таныс маң…» Осыған дейін де шөбін жеп, «шаруасын дөңгелетіп» жүргенге ұқсайды.
Қалай десек те, жануарлардың бір сәт қалаға қонақтап келіп-кетіп тұратыны тұрғындарға жақсы әсер қалдырады. Әсіресе, балалар жағы «шақырылмаған меймандардың» демалыстан бөлек күндері де келіп тұрғанын қалайтын секілді.
Аман ШАМАР.
Суреттер автордікі.