Жарнама
Шаһар шырайы

АҚ КЕМЕ «АТЫРАУ» ДЕП АТАЛДЫ

Жаңа кеменің тұсауын қаламыздың өсіп-өркендеуіне өз үлестерін қосқан ел азаматтары Есен Тасқынбаев пен Орынғали Қарасаев кесті. Ақсақалдар кемеге бірауыздан «Атырау» деген атауды беруді ұйғарды. Қала әкімдігі су жаңа кемені арнайы қала тұрғындары мен қонақтарын саяхатқа шығару үшін Амангелді өндірістік кооперативіне сенімгерлікпен басқаруға тапсырып отыр. Су кемесінің алғашқы жолаушылары – қаламыздағы отбасы үлгісіндегі балалар үйінің тәрбиеленушілері болды.

— Мен осындай соңғы үлгідегі әдемі кемеге алғаш мініп отырмын. Бұл үшін қала әкімдігіне алғыс айтамын, — дейді тәрбиеленуші Рустам Жаппаров.

Кеме алыс теңіз саяхатына арналмаған, жылдамдығы да қалыпты. Есесіне, 75 адамдық кеме үш арнайы және ас бөлмелерімен қамтылған.

Амандық АБДОЛ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button