Жарнама
Саясат

Жылыойда сайлаушылар екі ауылдың әкімін таңдайды

Ауыл әкімдерін сайлау Жылыой ауданында қызу жалғасып жатыр. Аудан бойынша Шоқпартоғай және Қосшағыл ауылдық округтерінде тұрғындар таңдау жасауда. Сондай-ақ, вахталық әдіспен жұмыс жасайтын жұмысшыларға Теңіз кен орнынан 2 жылжымалы пункт жұмыс атқарып тұр. Аталған округтердегі сайлау барысын 10 бақылаушы бақылап отыр.
Шоқпартоғай ауылдық сайлау комиссиясының хабарлауынша, сағат 7-11 аралығында жүзге тарта адам дауыс беріп үлгерген. Аталған округте 1749 сайлаушы тіркелген.

  • Саяси науқанға ауыл тұрғындары белсенділік танытуда. Әзірге ешқандай заң бұзушылық тіркелмеді. Сайлау карантин талаптары қатаң сақталып өтіп жатыр, — дейді Шоқпартоғай ауылдық сайлау комиссиясының төрайымы Райгүл Ибраева.
    Шоқпартоғай ауылдық округі бойынша ардагерлер кеңесінің төрағасы Махамбет Жеңіс бұл саяси қадамды еліміздегі жаңа бір белес деп атап өтті.
    Ал, Қосшағыл ауылдық округінде сайлаушылар саны — 2607 адам.
    -Бүгінгі сайлау өзгеше өтіп жатыр. Халықта ерекше белсенділік байқалады. Алғашқы рет өз әкіміне дауыс беруде. Санитарлық нормалардың бәрі сақталған. Кешке дейін ауыл тұрғындары толық катысады деп сенемін, — деді аталған сайлау учаскесінің төрайымы Кәмилә Мұқаш.
    Қосшағыл ауылдық округі бойынша дауыс берген Гүлфара Исахаеваның айтуынша, ауыл әкімін сайлау болашақ жастар үшін де, ауыл тұрғындары үшін де маңызды. «Өйткені өзіміз таңдаған ауыл әкімі жергілікті халықтың жағдайының түзелуіне атсалысады. Ауыл халқы да лайықты өмір сүргісі келеді» деген пікірін айтты Г.Исахаева.
    Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button