Саясат
ЖЫЛОЙ АУДАНЫНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ДАУЫС БЕРУШІ
Жылой ауданындағы Құлсары қаласындағы Есқайыр Халықов атындағы жалпы орта білім беретін мектепте # 95 референдум учаскесі орналасқан.
Кең залда референдумға қатысушыларға еркін дауыс беру үшін барлық мүмкіндіктер жасақталған. Комиссия мүшелері маңызды шараға дайын. Тәңертеңгі сағат 7.00- де референдум залына ең алғашқы сайлаушы келді. Ол — Жылыой аудандық мәслихатының хатшысы Сайлаубай Таласов. Ол алғашқы дауыс беру парағын толтырып, урнаға тастады. Бұдан соң басқа да жылыойлыұ тұрғындар келе бастады. Еліміздің даму тарихының жаңа парағын ашқалы тұрған ерекше маңызға ие референдум басталды.