АТЫРАУҒА ОРТАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ КЕЛДІ

img 20220525 wa0057 Саясат

Атырауға арнайы іссапрамен келген Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының мүшесі Шапхат Өтемісовтің қатысуымен өңірдегі сайлау комиссиясының мүшелеріне арналған республикалық референдумды ұйымдастыру және өткізу мәселелері жөнінде семинар-кеңес өтті.

Онда мемлекеттік ұйымдар мен сайлау учаскелерінің материалдық дайындығы жан-жақты пысықталды. Өз кезегінде Шапхат Әнесұлы саяси науқанның маңыздылығы мен өзектілігін айрықша атап өтті.

Айта кетейік, Атырау облысында барлығы 261 референдум учаскесі бар. Оның 11-і — жабық учаскелер, олар аурухана, уақытша қамау изоляторы, әскери бөлімшелерде орнатылған.

«Қазір біз дауыс беретін азаматтарды ақпараттандыру жұмыстарымен айналысып жатырмыз. Мемлекеттік маңызды іс-шараның өту барысы, мерзімі, орны және басқа да қажетті мәліметтерді таратудамыз» дейді облыстық референдум комиссиясының төрағасы Азамат Айманакумов.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз